Теріскейде тұрғын үй кооперативінің атын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкере болды
Теріскейде тұрғын үй кооперативінің атын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкере болды. Заңсыз ұйым әлеуметтік желілер арқылы «Шаңырақ плюс» атты бағдарламаны жарнамалап, көпшілікке баспана алудың оңай жолын ұсынған. Салымшылар бағдарламаға қатысу үшін 103 АҚШ долларын төлеп, ұйымға басқа адамдарды шақыруға міндеттелген. Күдіктілерді ұстау барысында Петропавлдағы кеңседен түрлі жарнамалық материалдар, салымшылардың тізімі, олар жайында ақпарат жазылған қағаздар табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Виктория Алпеева, СҚО Экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі:
Қаржы пирамидасының өкілдері жапа шегушілерді табыс деңгейіне қарамастан ипотекалық несие берілетініне сендірген. Келісімге сәйкес салымшылар белгіленген шарттарды орындауға міндеттелген. Солардың бірі - басқа адамдарды шақыру. Бұл - пирамиданың негізгі белгілерінің бірі. Заңсыз ұйым еліміздің бірнеше қаласында жұмыс істеп келген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07