Түркияда дауыл салдарынан әуе және кеме қатынасы тоқтатылды
Кеше Түркияда дауыл соғып, 4 адам көз жұмды. Бірнеше ірі қалада әуе және кеме қатынасы тоқтатылып, жол қатынасы қиындады. Синоптиктер Лодос деген атау берген дауылдан ғимараттардың шатырлары ұшып, ағаштар құлаған. Қазір бізбен тікелей байланысқа шығып тұрған әріптесім Айдос Әшімұлынан соңғы ақпараттарды білсек.
Айдос Әшімұлы тілші:
Бүгін дауылдың екпіні кешегідей емес, саябырсыды. Дегенмен әлі де Ыстамбұлда жел қатты. Жаңбыр жауып тұр. Қазір қаланың коммуналдық қызметтері дауылдың салдарынан ұшқан шатырлар мен қираған ағаштарды жинап жатыр. Кеше түстен кейін басталған Лодос атты дауыл елдің батысындағы бірнеше қалада қозғалысты қиындатып, жұртты әбігерге салды. Осы жойқын желдің кесірінен ұшқан шатырлар астында қалып 4 адам көз жұмды. Тағы 38 адам түрлі жарақат алған. Сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соққан желдің кесірінен Ыстамбұл, Измир, Бурса, Қожаелі сияқты қалаларда әуе және кеме қатынасы тоқтатылды. Бірнеше қалааралық жолда жүк көліктері аударылып, кептеліс туындаған. Ал елдің оңтүстігіндегі Анталия провинциясында осы дауылдың кесірінен елдімекендерде сел жүрді. Синоптик мамандар дауыл бүгін кешке қайта күшейеді деген ескерту жариялады. Сұрапыл дауылға байланысты бүгін Ыстамбұл мен тағы 9 қалада мектептерде сабақ тоқтатылып, мемлекеттік қызметте істейтін мүгедектігі бар және аяғы ауыр әйелдердің бір күн жұмысқа шықпауына рұқсат берілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07