Беларусь-Польша шекарасынан 1867 адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь-Польша шекарасынан 1867 адам эвакуацияланды

29.11.2021

Ирак Беларусь-Польша шекарасынан 1867 адамды эвакуациялады. Көшіру операциясы бүгін де жалғаспақ. Мұны елдің көлік министрлігі хабарлады. «Польша пресс» агенттігінің дерегінше, шекара маңына 4 мыңдай мигрант жиналған. Олар поляк жеріне өтуге әрекет жасап жатыр. ЕуроОдақ президент Александр Лукашенконы өзіне санкция жариялаған Брюссельден кек алу үшін босқындарды Таяу Шығыстан ұшақпен әдейі тасымалдады деп айыптап отыр. Минск болса, мұны жоққа шығарды. Мигранттарды одаққа мүше ел – Польшаға қасақана жібергенін мойындамай отыр. Еліне оралған ирактықтардың көпшілігі, үйлеріне аман жеткеніне қуанышты.

Малак Хасан, Ирак тұрғыны:
Ол жақта жағдай өте нашар болды, жаңбыр мен қар көп жауды. Бұл жолмен Еуропаға бару отбасылар үшін қолайлы емес. Мен шынымен бақыттымын, өйткені үйімен оралдым. Енді ондай жолға қайта шыққым келмейді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу