Украина аумағынан қазақстандық жүк көліктерін шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина аумағынан қазақстандық жүк көліктерін шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр

03.03.2022

Украина аумағында 50-ге жуық қазақстандық жүк автокөлігі бар. Оларды елге жеткізу үшін тізім жасалды. Польша мен Молдованың мемлекеттік органдарына көліктер мен жүргізушілерден қосымша құжаттар талап етпей, өткізу өтініші айтылды. Нәтижесінде бүгін 3 қазақстандық жүк көлігі «Роварусская» пункті арқылы Украина-Польша шекарасынан өтті. Қазіргі уақытта тағы 8 көлік Украина-Молдова шекарасы арқылы өтеді. Қалған қазақстандық жүк автомобильдерін шығару бойынша жұмыс жалғасын табады.

Хабарламаларға жазылу