Беларусьпен арадағы шекарада төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусьпен арадағы шекарада төтенше жағдай жарияланды

07.09.2021

Польша сеймі Беларусьпен арадағы шекарада бір айға төтенше жағдай жариялау туралы құжатты мақұлдады. Мұндай заң соңғы 30 жылда алғаш рет қабылданып отыр.

Ресми мәліметтерге қарағанда, жаңа режимге Польша-Беларусь шекарасындағы миграциялық дағдарыс себепші. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, елге Беларусьтен Ауғанстан мен Ирактан қашқан босқындар енгісі келеді. Дегенмен, өзге бір деректерге жүгінсек, Ресей мен Беларусь бірігіп өткізетін «Запад-2021» әскери жаттығуы да төтенше жағдайға түрткі болуы мүмкін. Ал, поляк ақпарат құралдарының болжамынша, шекарада жаңа тәртіп орнауына басшылықтың тәуелсіз ақпарат құралдарымен күресу және өз рейтингін көтеру ниеті де себепші болуы ықтимал.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу