Шымкент көшелеріне 3 мыңнан астам бейнекамера орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент көшелеріне 3 мыңнан астам бейнекамера орнатылды

29.11.2021

Шымкент көшелеріне 3 мыңнан астам «Сергек» бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның жартысы автокөліктердің жылдамдығын, жол ережелерінің сақталуын, бағдаршам мен көше қиылыстарындағы көлік қозғалысын бақылайды. Ал қалған 1 жарым мың бейнекамера қала аумағында қоғамдық қауіпсіздікті, қылмыстың алдын алуды қамтамасыз етіп, әкімшілік құқық бұзушылықтарды дәйектеп береді. Қондырғылар кез келген заң бұзушылықты автоматты түрде анықтайды. Жүйеге түскен құқық бұзушылыққа байланысты айыппұл хабарламасы бірден автокөлік иесінің ұялы телефонына жіберіледі. Егер автокөлік қожайынының телефоны өшірулі болса, хабарлама оның мекенжайына почта арқылы жолданады.

Ералы Жұмаханбетов, Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы:
Тесттік режимнің өзінде жол апаты азайып отыр. Жол апатынан қайтыс болғандар былтырғы жылмен салыстырғанда 16 адамға азайды. Ал дене жарақатын алу бойынша 20 шақты. Бұл үлкен жетістік. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу