Серік Сағынтайдың «Құс қайтару» атты жыр жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Сағынтайдың «Құс қайтару» атты жыр жинағы жарық көрді

12.05.2015
Серік Сағынтайдың «Құс қайтару» атты жыр жинағы жарық көрді

Ақын Серік Сағынтайдың «Құс қайтару» атты жыр кітабы жарық көрді. Кітап «ҚазАқпарат» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен 2000 данамен жарыққа шықты.

Серік Сағынтай -  1976 жылы 11 желтоқсанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Қоңырат ауылында Қазыбек Нұржанов атындағы орта мектепті тәмамдап, Жезқазғандағы О.Байқоңыров атындағы университеттің тарих-шет тілдер факультетіне түседі.

1997 жылы университетті бітірген соң, Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері» газетіне әдеби қызметкер болып орналасады. 2000 жылдан Балқаш қалалық «Балқаш өңірі» газеті редакторының орынбасары, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, облыстық «Балқантау» газетінің бас редакторы, республикалық «Айқын», «Алаш айнасы» газеттерінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Қазір республикалық «Қасым» әдеби-қоғамдық журналының бас редакторы.

Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, «Жазу», «Фәни-құс» атты жыр жинақтардың, «Қарға» көркем проза кітабының авторы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Хабарламаларға жазылу