Рахат Әбдірахмановтың «Жүрегім» атты жыр жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рахат Әбдірахмановтың «Жүрегім» атты жыр жинағы жарық көрді

28.01.2015
Рахат Әбдірахмановтың  «Жүрегім» атты жыр жинағы жарық көрді

29 қаңтар күні Қарағандыда ақын Рахат Әбдірахмановтың «Мен сені жақсы көрем, аппақ әлем!»  атты студенттермен кездесу кеші өтеді. Кеште ақынның «Жүрегім» атты жыр жинағының тұсауы кесіледі.

Біздің анықтама:

Рахат Әбдірахманов – 1979 жылдың 17 қаңтарында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, қазіргі Тоқтар Әубәкіров атындағы ауылда дүниеге келген. 2000 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің философия және психология факультетін «психология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2006 жылы Қарағанды қаласындағы «Санат» баспасынан «Әдемі менің әлемім», 2009 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жалын» баспасынан «Жанымның жазба нұсқасы» атты жыр жинақтары жарық көрген.

Рахат Әбдірахманов  Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының ІІ орын және  Баянауылда өткен жас ақын-жазушылар форумында Сақау Мәукеұлы атындағы арнайы сыйлықтың иегері. Сонымен қатар, ол Қасым Аманжолов атындағы І облыстық ақындар мүшайрасында  бас жүлдені иеленген.

Фото: Р.Әбдірахмановтың Фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды.

Хабарламаларға жазылу