Еуропа мен Азия Африка елдерімен арадағы әуе қатынасын тоқтатып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа мен Азия Африка елдерімен арадағы әуе қатынасын тоқтатып жатыр

26.11.2021

Еуропа одағы мен Азия Оңтүстік Африкамен және оған көршілес елдермен арадағы әуе қатынастарын тоқтатып жатыр. Солардың қатарында Ұлыбритания, Үндістан, Жапония, Сингапур, Германия, Италия және тағы басқа мемлекеттер бар.

Шекарадағы бақылаудың қайта күшеюіне Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа штаммының пайда болуы себепші. Ол індет өте қауіптілігімен ерекшеленіп, вакцинаға қарсы тұра алуы мүмкін. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл вариант Ботствана мен Гонконгке жетіп үлгерді.

Айта кетсек, жаңа инфекцияны және одан төнген қауіпті бүгін Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары талқылайды.


Хабарламаларға жазылу