Е.Біртанов карантинге жатқызылған жолаушылардан кешірім сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Біртанов карантинге жатқызылған жолаушылардан кешірім сұрады

25.02.2020

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі ақпанның 23-і күні карантинге жатқызылған жолаушылардан кешірім сұрады. Себебі, лайнерден шығарылған 4 қазақстандық Токио-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейске отырғызылған. Олар әуе көлігінің артқы жағына жайғастырылыпты. Дегенмен, қазіргі талап бойынша жұқпалы дерт тараған елден келген кез-келген азамат карантинге алынады. Сол себепті ұшақтан түскен барлық жолаушы медициналық орталыққа оқшауланды. Денсаулық сақтау министрі коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай шешім қабылдауға тура келгенін айтады.

Осы індетке байланысты Қазақстан кейбір елдермен әуе қатынасын шектеуі мүмкін. Негізінен жұпалы вирус кең етек алып бара жатқан Оңтүстік-шығыс Азия елдері мен Иран секілді мемлекеттермен арадағы байланыс шектелуі ықтимал. Шешім ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін қабылданбақ.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу