Қазақстан-Моңғолия бизнес форумы өтіп жатыр

11.10.2019

Моңғолияның әуе компаниясы «Ұланбатыр-Алматы» бағытында рейстер орындайтын болады. Бүгін, Премьер-Министр Асқар Мамин «Қазақстан-Моңғолия» бизнес форумында осы жаңалықты жария етті. Шараға қатысқан Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух «аталған рейстердің ашылуы арадағы барыс-келіспен, алыс-беріске тың серпін береді дегенге сенімдімін» деді. Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы алтын көпірге айналғалы қашан. Ал, құрлықта Қытай және Ресеймен қана шекараласатын Моңғолия үшін біздің транзиттік әлеуетіміз ауадай қажет. Форум барысында осы және басқа сауалдар сараланды. Екі ел бизнесмендері соңғы екі жылда осымен төртінші рет кездесіп отыр. Әдетте, Моңғол елі бізден бидай, азық-түлік, көлік алады. Өткен жылы арадағы сауда 80 млн долларға жеткен. Оның 75 млны Қазақстанның экспорты.

Нұралы Бөкейханов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төраға орынбасары:

1200 автобус алмақшы. Оның 300 биыл алмақшы. Экспортталады деп ойлаймыз. 

Ғабит БӨКЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу