Британияда ревакцинация стратегиясы жақсы нәтиже көрсете бастады
Британияда ревакцинация стратегиясы жақсы нәтиже көрсете бастады. Сарапшылардың пікірінше, ковидтен қайтыс болғандар саны Еуроодаққа мүше елдерге қарағанда орта есеппен алғанда 40 пайызға төмендеген.
Марина Бекенова, тілші:
Ұлыбританияда 60-тан асқан адамдардың шамамен 70 пайызы екпенің үшінші компонентін алып үлгерді. Ал Германияда олардың саны - 52, Италияда - 43 пайызды құрайды. Соңғы аптада Ұлыбританияда науқастар саны 8 пайызға өссе, Еуропа елдерінде олардың қатары едәуір артқан. Британиялықтардың үшінші екпені салдыруға ертерек қамданғаны өз пайдасын тиігізді дейді мамандар. Бүгінде 40 жастан асқандар және денсаулығында кінәрат бар адамдар екінші инъекциядан кейін алты ай өткен соң үшіншісін алуға құқылы. Дегенмен Оңтүстік Африка Республикасынан тарап жатқан вирустың жаңа мутациясы биліктегілерді қатты алаңдатып отыр. Дельта-штамға қарағанда тез жұғатын вирусқа бұған дейінгі вакциналар қарсы тұруға дәрменсіз дейді мамандар.
Саджид Джавид, Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі:
Бүгіннен бастап біз Оңтүстік Африканың алты елінен келетін барлық рейсті тоқтата тұрамыз және оларды қызыл тізімге енгіземіз. Ол жақтан келген жолаушылардың барлығын ақылы қонақүйлерде 10 күндік карантиннен өтулерін талап етеміз.
Министрлер халықты 11 желтоқсанға дейін үшінші дозаны салдырып, Рождество мерекесі қарсаңында вирустан мықтап қорғануға шақырып жатыр. Өйткені жаңа мәліметтерге сәйкес екінші дозадан кейін уақыт өте келе індетті жұқтыру қаупі артатындығы дәлелденген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтын – Емел ұлттық паркінде алғаш рет борсық фототұзаққа түсті
07.12.2025, 22:06
Севоранмен бірден қанша тіс емдеуге болады?
07.12.2025, 20:28
Мемлекеттік тапсырыспен салынған құрылыстың сапасына кім жауапты?
07.12.2025, 20:20
Д. Кушнердің Мәскеу сапары: Нәтиже қандай?
07.12.2025, 20:06
5 мыңнан астам қазақстандық студент пен оқытушы ЕО елдерінде білімін жетілдіруге мүмкіндік алды
07.12.2025, 20:05
Мораторий аяқталғанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қанша пайызға қымбаттайды?
07.12.2025, 20:00
Енді азаматтар зейетақы жинағын көзін емдетуге пайдалана алмайды
07.12.2025, 19:58
Президент: Азаматтардың нақты табыс табуына жағдай жасау өзекті міндет
07.12.2025, 19:57