Павлодарда әлемге танымал археолог, антрополог ғалымдар басқосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда әлемге танымал археолог, антрополог ғалымдар басқосты

26.11.2021

Әлемге танымал археолог, антрополог ғалымдар Павлодарға жиналды. Аймақта «Ертіс өңірінің тарихи мұрасы: қимақ қағанаты және қазақ хандығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. Шараның мақсаты - көптен бері талас тудырып келген Қимақ қағанатының еліміздің қай аумағында болғаның нақтылау.

Қазіргі болжамдардың бірі - Ертіс өңірі Қимақтардың астанасы болған дегенге саяды. Оған соңғы жылдары қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер себеп. Көшпелі халықтың дамыған өркениетіне дәлел мұндай артефактілер Қазақстанның өзге өңірінде бұрын-соңды кездеспеген. Тіпті IХ ғасырда бұл аумақта аса маңызды саяси, мәдени-рухани, сауда-саттық үрдістері болғаның айғақтайтын дәлелдер жеткілікті.

Абдуллах Көк, «Ақтеңіз» университетінің профессоры /Түркия/:

Алдынғы ретте қазақ тарихы Қимақ хандықтарынан басталуы керек деп ойлаймын. Қимақ хандықтарының Ертіс өзені мен Алтай атырабы даласында болғаны айтылады. Осы саяхатшылардың мағлұматы болады. «Диуани лұғат ат-түрікте» Махмут Қашқари айтады қимақ деген сөзді. Осы сөзді біз саяхатшылардан көреміз. Мұндай мағлұмат, шынайы мағлұматты саяхатшылардың көзқарасымен жаздық.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу