Атырауда шақалақты тоңазытқышқа салып өлтірген дәрігерлер жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда шақалақты тоңазытқышқа салып өлтірген дәрігерлер жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді

26.11.2021

Жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деп айыпталған атыраулық дәрігерлер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Перзентхананың экс-бас дәрігері яғни қылмыстық істің негізгі фигуранты Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қайыржан Орал қаласындағы қатаң тәртіптегі түрмеге жеткізілді. Ал акушер Жәмиля Құлбатырова әйелдер колониясында жазасын өтейді.

Олардың бұл сұмдық жағдайға алдын ала сөз байласу арқылы барғандары дәләлденді. Әрқайсысы 18,16 және 15 жылға сотталды. Сонымен қатар неонатологтар Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмысты біле тұра жасырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Кінәлілер аппеляциялық шағым түсіргенімен, үкім өзгеріссіз қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлеріне жаңа туған шақалақты өлтірді деген айып тағылып, ұзақ мерзімге сотталған болатын. Әлеуметтік желіде «шетінеді» деп мәйітханаға жібермек болған сәби тірі болып шыққан кездегі ақылдасқан дәрігерлердің телефон арқылы сөйлескен әңгімесі таралып кеткен еді. Олар құжатта шақалақты «өлді» деп көрсеткені үшін мұздатқышқа сала тұру туралы шешім қабылдаған.


Хабарламаларға жазылу