Қызылорда облысында індеттің беті қайтып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында індеттің беті қайтып келеді

25.11.2021

Қызылорда облысында өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды. Бұл ұзақ уақыттан бері аймақта тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Халықтың жаппай вакцина қабылдауының нәтижесінде облыста жұқпалы індеттің беті қайтып келеді дейді эпидемиологтар.

Өңірде 340 мыңнан астам тұрғын вакцинаның екі компонентін салдырды. Яғни бұл - екпе алуы тиіс адамдардың 75 пайызы. Ал қарашаның 15-нен бастап 12 жастан асқан балаларға, босанған және жүкті әйелдерге «Pfizer» вакцинасы егілуде. АҚШ-тан әкелінген екпені он күннің ішінде 2600 адам қабылдап үлгерді.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу