Өткен тәулікте 2283 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 2283 адам коронавирус жұқтырған

13.05.2021

Енді, елдегі эпидахуалға ойыссақ, қазір 6 өңір «қызыл» аймақта, 5 өңір «сары» аймақта тұр. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында жағдай күрделі. Ал, Шымкент қаласы мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары қауіптің орташа деңгейінде. Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жағдай қалыпты.

Бірақ, індеттің беті әлі қайтар емес. Кеше бір тәуліктің өзінде 2283 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны күрт өсті. Бір тәулікте 173 адам шалдыққан. Жалпы, қатерлі аурудан кешеден бері 25 адам қайтыс болды.


Хабарламаларға жазылу