Өткен тәулікте 1811 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1811 адам коронавирус жұқтырған

12.05.2021

Енді, елдегі эпидахуалға ойыссақ, қазір 6 өңір «қызыл» аймақта, 5 өңір «сары» аймақта тұр. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында жағдай күрделі. Ал, Шымкент қаласы мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары қауіптің орташа деңгейінде. Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жағдай қалыпты.

Бірақ, індеттің беті әлі қайтар емес. Кеше бір тәуліктің өзінде 1811 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Осылайша, ауырғандардың жалпы саны 350 мыңға жуықтады. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 13 адам шалдығып, 5 науқас қайтыс болған.


Хабарламаларға жазылу