Өңірлерде көмір тапшы
Бірнеше өңір халқы пеш жағып үйін жылытуға көмір таппай отыр. Оның үстіне қатты отынның бағасы да тым қымбат. Бүгін осы өзекті мәселе бойынша Мәжілістің жалпы отырысында Ерлан Саиров депутаттық сауал жолдады.
Оның айтуынша, көмір бағасына ортадағы делдалдар қатты әсер етеді. Көмірдің бастапқы бағасы 7-8 мың теңге шамасында белгіленсе де, бірқатар өңірде 2-3 есеге қымбат бағамен сатылуда. Көмірді жеткізу үшін вагондардың жетпей жатқаны да үлкен проблема. Депутат ауыл халқы үшін нормативтік көмір қорын дайындауды, оның бағасы қалыптасқанда ашықтықты қамтамасыз етуді және вагон санын көбейтуді ұсынды.
Ерлан Саиров, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:Бүгінде разрезден тоннасы шамамен 7800 теңгеден сатылып жатқан көмір Алматы, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы сауда нүктелерінде тоннасы 25-30 мың теңгеден сатылуда. Осы қып-қызыл бағаға көмірдің өзі тапшы. Қақаған қыста азаматтар ақшасын төлеп қойып, көмірді тосуға мәжбүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Құрылыс саласына инвестиция құю халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етеді»
25.08.2026, 23:21
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12