Алматыда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2000 адамнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2000 адамнан асты

26.01.2022

Алматыда эпидахуал нашарлай түсті. Өткен тәулікте 2000-нан аса адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазір мегаполистегі станционарларда 1430 науқас індетке қарсы ем қабылдап жатыр. Оның 150-і бала. Қалада жаппай вакциналау қарқынды жүргізіліп жатыр. Бір күнде 3 мыңға жуық тұрғын ковидке қарсы екпенің екі компонентін салдырған. Бүгінге дейін Pfizer вакцинасынымен 40 мың адам егілді. Оның ішінде жүкті келіншектер, бала емізетін аналар мен жасөспірімдер бар. Ал 132 мыңға жуық тұрғын ревакцинациядан өтті. Дәрігерлер дене қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінгендерге үйде ем жасамауға кеңес беріп отыр.

Арайлым Сейсенбекқызы, жалпы тәжірибелік дәрігер: 
Басында екі-үш күн симптоматика болады. Пациенттер вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер, антибиотиктер ішіп бастайды. Бізге белгілі коронавирустық инфекцияның өзінің протокол бойынша емі бар. Коронавирустық инфекциямен тек дәрігердің тағайындауынша ем қабылдау керек.


Хабарламаларға жазылу