Елордада жарты миллион адам толық вакциналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жарты миллион адам толық вакциналанды

25.02.2022

Жарты миллионға жуық елордалық толық вакцинациядан өтті. Ал ревакцинациядан өту кезегінде тұрғандар саны 284 814 адам. Мамандар қыстан кейін ағза әлсірейді, сондықтан иммунитетті дәрумендер арқылы қалыпқа келтіру маңызды екенін еске салады. Жалпы, елде эпидахуал тұрақты. Өткен тәулікте індет жұқтырған 523 науқас тіркелді. Кешеден бастап, Алматы қаласы «қызыл» аймақтан «сарыға» өтті. Павлодар мен Солтүстік Қазақстан да «сарыда». «Қызыл» аймақта бір де бір өңір жоқ.

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу