Қарағандыда кеншілердің жалақысы желтоқсан айынан бастап 17% өседі
Қарағандыдағы көмір шахталарында жұмыс істейтін кеншілердің жалақысы желтоқсан айынан бастап 17 пайызға өседі.
Сондай-ақ әр жыл сайын инфляцияға байланысты айлыққа индексация жасалып отырады. Бұған қоса кеншілерге 5 пайыздық ипотекалық несиемен баспана беру мәселесі қазір банктермен келісілуде. Кеніштердегі еңбеккерлердің жұмыс жағдайына да баса көңіл бөлінбек. Мәселен, қала аумағында 8 көмір шахтасы болса, олардағы автобустардың 50 пайызы ғана жаңаланған. Қалғаны келер жылы Саран қаласында шығатын автобустармен алмастырылады. Шахталардың техникалық жарақталуы, модернизациялау, еңбек қауіпсіздігін арттыруға да қомақты инвестиция құйылады.
Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:
Жалпы, осы компанияның жоспары Үкіметпен келісімге келіп жатыр. Келе жатқан 5 жыл ішінде 3 млрд доллар компанияға инвестиция жасау керек. Оның 30-35 пайызы осы көмір кенштеріне барады. Аудиттен кейін белгілі болады, қай құрал-жабдық ескі, заманауи емес, қайсысын ауыстыру керек дегендер.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10