Сальвадорда әлемдегі бірінші криптовалюта қалашығы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сальвадорда әлемдегі бірінші криптовалюта қалашығы салынады

23.11.2021

Сальвадор әлемдегі бірінші криптовалюта қалашығын салатынын жариялады. «Биткоин-ситиде» табысқа, мүлік пен капиталдың өсуіне салық салынбайды. Оның тұрғындары тек қосымша құн салығын ғана төлеуге міндеттеледі. Президент Наиб Букеле мәлімдегендей, крипто-қалада үйлер мен коммерциялық аудандар салынып, қызмет көрсету мекемелері, мұражайлар, ресторандар, әуе және теңіз порттары жұмыс істемек.

Дөңгелек формадағы экологиялық қала энергияны жанартаудан алып, биткоин шығаруға да вулканның қуатын пайдаланбақ. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу