Маңғыстаудан ЮНЕСКО тізіміне 6 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудан ЮНЕСКО тізіміне 6 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілуі мүмкін

19.03.2024

Маңғыстаудан ЮНЕСКО тізіміне 6 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілуі мүмкін. Олар - «Шопан ата», «Шақпақ ата», «Қараман ата», «Сұлтан үпі» және Оғландыдағы «Бекет ата» жер асты мешіті мен археологиялық «Қызыл қала» қалашығы. Енді әр қайсысы туралы мәліметтер жинақталып, құзырлы министрлік Юнесконың зерттеу орталығына тапсырылмақ. Содан бастап, жер асты мешіттерінің жағдайы тексеріліп, экспедициялар өткізіледі.

Мамандар бұл жұмыстарға шамамен 1-2 жыл кетеді деп отыр. Қазір Маңғыстауда 590 ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған. Соның 20-сы республикалық маңыздағы тарихи-мәдени орын.

Нұрлан Құлбай, Мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтың директоры:

Юнескоға енсе, бізде біріншіден туризмнің әлеуеті көтеріледі. Маңғыстауға келушілер көбееді. Келеуші көбейгесін, біздің экономикамыз көтеріледі. Ол жерде әртүрлі инфрақұрылымдар салынады. Жол салынады, байланыс салынады, визит центрлар салынады. Сондықтан соның барлығы бізге қажет.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу