Алматыдағы ревакцинация науқаны қалай жүзеге асуда?
Алматыда COVID-қа қарсы ревакцинация науқаны басталды. Емханаларда инактивтендірілген QazVac және Vero Cell вакциналары қолжетімді. Бірінші кезекте медицина мамандары, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен 60 жастан асқан қарт кісілер егіледі. Дәл қазір әріптесім Жазира Оразқызы ревакцинация жүріп жатқан емханалардың бірінде тұр.
Жазира Оразқызы, тілші:
Алматы қаласындағы №5 емханада жүрміз. Бұл жерде ревакцинация қарқынды жүріп жатыр. Біз келгелі бір емхана қызметкері мен ұстаз вакцинаның үшінші дозасын алып үлгерді.
Гүлзат Байзахова, №5 емхана қызметкері:Кеше 20 медицина қызметкері қайта вакциналаудан өтті. Бүгін медицина қызметкерімен қатар мұғалімдер де келіп алып жатыр. Ревакцинация коронавирусты алдын алу үшін қажет. Үшінші доза векторлық вакцинадан соң 9 айдан кейін, ал инактивтендірілген екпеден соң 6 айдан кейін жасалады. Ревакцинациядан соң да сақтық шараларын сақтау керек.
Жазира Оразқызы, тілші:Қазір Алматы қаласының емханаларында жүкті келіншектерге, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге және бала емізетін аналарға Pfizer вакцинасы да салынып жатыр.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06