АҚШ-тың Висконсин штаты: Парад кезінде 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Висконсин штаты: Парад кезінде 5 адам қаза тапты

22.11.2021

АҚШ полициясының хабарлауынша, Висконсин штатында автомобиль рождестволық парадты соққанда кемінде 5 адам қаза тапқан. Ал, жараланғандар саны 40-тан асып отыр.

Қайғылы оқиға Уокеша қаласында болды. Полиция басшысы Дэн Томпсонның мәлімдеуінше, зардап шеккендердің ішінде балалар да бар.

Дегенмен, бұл трагедия әзірге «теракт» деп қарастырылмай отыр. Оған байланысты бір күдікті тұтқындалып, қамауға алынған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу