АҚШ-тың бірнеше штатында аяз салдарынан төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың бірнеше штатында аяз салдарынан төтенше жағдай жарияланды

31.01.2019

АҚШ-тың бірнеше штатында аяз күшейгендіктен, төтенше жағдай жарияланды. Кей жерлерде ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендеген. Метеорологтардың мәліметінше, сынап бағанасы минус 50 градусты көрсетуі мүмкін. Сенбіден бері Айова, Индиана, Иллинойс, Висконсин және Минесота штатттарында суық ауа райына байланысты 5 адам қаза тапқан. Бұдан бөлек, аяз кезінде Пенсильванияда ондаған адам жапа шекті. Қолайсыз күн райына орай, АҚШ-тың қыс қаһарына мінген өңірлерінде мектептер жабылып, ұшақ рейстері тоқтатылды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу