АҚШ-тың Теннесси штатында тасқын кезінде 18 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Теннесси штатында тасқын кезінде 18 адам қаза тапты

25.08.2021

АҚШ-тың Теннесси штатында алапат тасқын кезінде 50 шақты адам жоғалып кетті. Тағы 18 тұрғын қаза тапқан. Сонымен қатар, апаттан көшелер өзенге айналып, жүздеген үй мен кәсіпорын және машиналар суға кеткен.

Баспанадан айрылған халық қазір шіркеулерге, туған-туыстарының үйлеріне көшіп жатыр. Ал, құтқарушылар ізім-қайым кеткендерді иттердің көмегімен іздестіріп жатыр.

Президент Джо Байден болса, Теннессиді негізгі апаттық аймақ деп жариялап, оған федералдық үкімет тарапынан көмек беруді бұйырды.

Ал, Ресейдің Нижегород облысы мен Мордовия Республикасында аймақаралық төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл жақтарда орман өрті өршіп, Мордовия қорығының үштен бірін жойған. Ал, Нижегородта 11 үй жанып кетті.

Тілсіз жаумен күреске өзге облыстардан 550 адам мен 123 техника жөнелтілді. «Рейтердің» хабарлауынша, ондаған өрт сөндіруші лапылдаған жалынның ортасынан әрең сытылып шыққан.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу