Ресейде коронавирусқа қарсы алғашқы инъекциялық препарат тіркелді
Ресейде коронавирусқа қарсы алғашқы инъекциялық препарат тіркелді. «Бұл дәрі індетке қарсы тұра алады»,- дейді көрші елдің ғалымдары. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеуден Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, қайырлы күн. Бұл дәрінің коронавируспен күреске арналған дәрілерден өзгешелігі неде?
Индира Бегайдар, тілші:
Инъекциялық препарат жасушаларға неғұрлым қарқынды еніп, тез таралады, емдік концентрациясы ұзақ уақыт сақталады дейді мамандар. Екпені келесі аптадан бастап сала бастамақ. Бағасы 12 мың рубльден асады, яғни шамамен 70 мың теңге. Жалпы, Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Соңғы тәулікте бұл індеттен 1251 адам көз жұмған. Сондықтан мемлекеттік думада QR-кодтардың бірыңғай жүйесін енгізетін заң қаралып жатыр, осы жылдың соңына дейін құжатты бекіту жоспарда бар. Оған сәйкес бұқаралық спорт шаралары, мейрамханалар мен қоғамдық көліктерге кіру үшін вакциналанғаннан кейін алынатын QR -код қажет болады.
Наталья Власова, Мәскеу тұрғыны:
Коронавирус бар, оны мойындауымыз керек. Сондықтан екпе алудан басқа амалымыз қалмады. Себебі қазір жұмысқа вакцинасыз кіргізбейді. Бірақ оны заңды түрде міндеттеу дұрыс емес деп ойлаймын.
Вирус жұқтырғандардың ең көбі - мәскеуліктер. Екінші орында - Санкт-Петербург тұрғындары, үшінші орында - Самара облысы. Ал Мәскеу қалалық соты оқушылардан жедел тест алу бұйрығын заңды деп тапты. Үкімге сай ата-аналардың рұқсаты керегі жоқ және оқушы одан бас тартса, мектепке кірмейді. Бұған дейін тестілеуге қарсы ата-аналар сотқа шағымданған болатын.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07