Басты Жаңалықтар Шымкентте құрылысшылар саяси қуғын-сүргін құрбандарының сүйегіне тап болды

Шымкентте құрылысшылар саяси қуғын-сүргін құрбандарының сүйегіне тап болды

Шымкент қаласында жол салушылар жер қазу жұмыстары кезінде адам сүйектеріне кезігіп, құрылысты тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені сол төңіректегі тұрғындардың айтуынша, бұл саяси қуғын-сүргін құрбандарының қаңқасы болуы мүмкін. Көне көз қариялардың айтуынша, нақақтан жала жабылып, халық жауы атанғандарды осындағы жарқабақтың басына тізіп қойып атқан екен. Сондықтан бұл төңірек бүгінде «Қайтпас» деп аталады. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер компания жобалау құжатында мұндай жердің бар екені көрсетілмегенін айтады. Соған қарамастан олар жергілікті тұрғындардың тілегі бойынша құрылыс жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған. Енді қалалық құрылыс басқармасы сәулет жоспарлау құжатына өзгеріс енгізуді ұсынбақ.

Шәміл Аманқұлов, Шымкент қаласы Құрылыс басқармасының бас маманы:

Біз негізі жанынан өтеміз дегенбіз. Соның өзінде шығып тұр. Оны жобалаушыға ұсыныс беріп, жәйттердің орын алып жатқанын айтамыз, түсіндіреміз. Мүмкіндігі болса, жобаны өзгертуді, жолды жылжытуды қарастырамыз.


Бөлісу