Түркістан облысында тағы да күн райы бұзылуы мүмкін
Түркістан облысында барлық бағытта жол ашылды. Қазір көлік қатынасына ешқандай шектеу жоқ. Үзілген электр желілері жөнделіп, 30-дан аса елдімекендегі тұтынушыға жарық берілді. Десе де кешегі қатты боранның салдарынан әлі де Түркістан қаласы мен Бәйдібек, Созақ, Сайрам және Төлеби аудандарындағы 25 елдімекенде 5 мыңға жуық абонентке электр энергиясы берілмеді. Апат салдарын жоюға жарыққа жауапты мекеменің 50-ге жуық маманы мен 12 арнайы техникасы жұмылдырылған. Алайда өңірде тағы да күн райы бұзылуы ықтимал. Сондықтан мамандар жолаушыларға абай болуды ескертеді.
Ерік Сарыбаев, Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары:18 қараша күні түнде де Түркістан облысының тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтілуде. Облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарында 23-28 м/с, ал таулардағы асуларда 30 м/с дейін болуы күтілуде.
Ал Шымкенттің Бозарық шағынауданында 40 абонент кешеден бері жарықсыз отыр. Кейбір үйлердің электр сымдары үзілген. Мамандар қазір желіні жөндеп жатыр. Жалпы, кешегі желдің екіпінен мегаполисте 15 мыңға тарта абонент электр қуатынсыз қалған болатын. Авариялық бригадалар кеше және бүгін таңертең барлығын дерлік желіге қайта қосып үлгерді. Ал Бозарықтағы 40 үйге кешке дейін жарық беріледі дейді мамандар.
Айнұр Ақбаева, Ғани Қалмаханов
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15