Әлемдегі ең ұзын көшені онлайн тамашалауға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең ұзын көшені онлайн тамашалауға болады

18.11.2021

Жаяу жүргіншілерге арналған әлемдегі ең ұзын көшені онлайн тамашалауға болады. Қызылжарлық мектеп оқушылары виртуалды тур жасап шығарды. Онда өңірдегі тарихи және туристік нысандар қамтылған. Онлайн саяхатқа қатысушылар арнайы сілтемені пайдалана алады. Петропавл қалалық Назарбаев мектебі шәкірттерінің бұл еңбегі Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған туристік жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды.

Сымбат Жамалбай, мектеп оқушысы:

Облысымыздың ең көркем жерлерін көрсеттік. Қызықты фактілердің бірі – Қазақстан Конституциясы көшесі – ең ұзын жаяу жүргіншілердің көшесі. Ұзындығы 2 км 200 метрді құрайды. Ал Гиннес рекордында жазылған ең ұзын көше – Гетеборг көшесі. Оның ұзындығы - 2 км. 


Хабарламаларға жазылу