Семейде заманауи полиция бекеттері ашылды
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елімізде полиция қызметінің сервистік моделіне көшу жайлы тапсырма берген болатын. Осыған орай бүгін Семейдегі жаңадан салынған Қарағайлы ықшам ауданында полицияның заманауи тірек пункті қолданысқа берілді. Онда құқық қорғаушылардың халықпен тығыз жұмыс істеуіне жағдай жасалған. Оған қоса тұрғындар көп жүретін орталық ауданда қажет қондырғылармен жабдықталған тәртіп сақшыларының модульдік пункті ашылды. Жалпы, Өскемен мен Семей қалаларында мұндай 7 бекет қойылған. Оған қоса 2025 жылға дейін 23 тірек пункті қолданысқа беру жоспарда.
Сағат Мәдиев, ШҚО Полиция департаментінің бастығы:
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша полицияның сервистік моделін құру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл - құқық қорғаушылардың халыққа жақындай түсуіне, қылмыстың алдын алуға, азаюына жол ашады. Сондықтан полиция қызметкерлерінің тұрғындармен жұмыс істеу сапасын арттыру үшін осындай бекеттерді ашып отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Құрылыс саласына инвестиция құю халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етеді»
25.08.2026, 23:21
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12