Шортандыда жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Шортанды кентінде газ баллоны жарылысынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіледі. Баспанасыз қалған отбасылар қазір туыстарының үйлерінде. Оларға уақытша тұруға екі пәтер дайын дейді жергілікті әкімдік өкілдері. Жарылыс салдарын жоюға арнайы штаб құрылып, жұмыс істеуде. Сондай-ақ Көкшетаудағы Науан Хазірет мешітінің бастамасымен көпшілік қаржы жинауға кірісті. Ол ақшаға үй сатып алынбақ. Кешеден бері шамамен 5 миллион теңге жиналды. Зардап шеккендердің бесеуі әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Олар естерін жиды. Ал екі баланың жағдайы ауыр.
Ұлан Беркімбайұлы, наиб имам:
Жиналған қаражатқа сол отбасыға баспана алып беріледі. Егер де әкімшілік тарапынан баспанамен қамтып жатқан жағдайда, сол үйдің ремонтына және керекті тұрмыстық заттарға қаражат жұмсалады. Барша елді осы жобаны қолдауға шақырамыз.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Қостанайда қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды
02.11.2026, 10:00
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00