Еліміздегі футбол клубтарын мемлекеттен қаржыландыруды тоқтату керек - Депутат
Еліміздегі футбол клубтарын мемлекеттен қаржыландыруды тоқтату керек. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Қазақстан құрамасының Франциядан 0:8 есебімен жеңілгенін сынап, оларға миллиардтап ақша бөлуді доғаруды талап етті. Екі күн бұрын футбол федерациясының бас хатшысы бюджеттен тек 200 миллион теңге ғана алғандарын мәлімдеген. Алайда Қазыбек Иса облыстық әкімдіктер кәсіпқой клубтартарды ұстауға қыруар қаржы бөлетінін айтты.
Халық қазынасы қазақ футболын дамытуға емес, шетел футболшыларын байытуға жұмсалып жатқанына назар аударды. Бұл ақшаны балалар үшін футбол мектебін ашуға, бапкер дайындауға, тегін футбол алаңдарын салуға жұмсап, ауылдағы талантты жастарға жағдай жасауды ұсынды. Осы уақытқа дейін футболға бөлінген қаржының есебін беруді де талап етті.
Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Футболға халықтың қыруар қаржысын Франциядағыдай әлемге масқара болу үшін құйып отырмыз ба? Нәтижесіз футболға бөлінген 133 миллиардқа кемінде 133 мектеп салуға болар еді. Сондықтан гол салмайтын, тек халық қазынасына қол салатын, қол салғанда мол салатын футболға миллиардттарды босқа шашуды тоқтататын уақыт жетті.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Түбегейлі өзгерістердің жаңа кезеңі басталады
28.12.2025, 20:56
Президенттің Таразға сапары: Әлеуметтік, инфрақұрылымдық және кадрлық басымдықтар
28.12.2025, 20:00
Жыл қорытындысы: Қазақстандық спортшылар қандай жетістікке жетті?
28.12.2025, 19:57
Мәдениет пен руханият: 2025 жылдың қорытындысы
28.12.2025, 19:55
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей Әзербайжанға тергеу қорытындысын жіберді
28.12.2025, 19:52
Еліміздің геосаяси алаңдағы рөлі қандай?
28.12.2025, 19:50
Зейнетақы жинағындағы ақшаны қандай қызметтерге пайдалануға болады?
28.12.2025, 19:48
Жаңа Салық кодексі: Келесі жылдан бастап не өзгереді?
28.12.2025, 19:46