Алматыда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

17.11.2021

Алматыда ауа райы күрт құбылып, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Осылай деген төтеншеліктер жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады. Темір тұлпар тізгіндегендер жолда аса сақ болғаны жөн.

Жүргізушілер алдымен жылдамдықты асырмай, арақашықтықты сақтауы керек. Әсіресе білім беру мекемелері, аялдамалар мен жаяу жүргінші өткелінің жанынан баяу өткені дұрыс. Себебі көктайғақтың кесірінен дер кезінде тоқтай алмай, көлікті басқару қиынға соғуы мүмкін дейді төтеншеліктер.

Ал тұрғындарға жолда келе жатып ұялы телефонға алаңдамауға кеңес береді. Сондай-ақ, синоптиктер еліміздің барлық аймағында күн суытып, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Алматы облыстарында қалың тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжап отыр.


Хабарламаларға жазылу