Президент Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасы Рик Демсті қабылдады
Қазақстан Президенті Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасы Рик Демсті қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері, оның ішінде Ауғанстандағы ахуал сөз болды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Рик Демске адам құқықтары мен заң үстемдігін нығайтуға және жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған Қазақстандағы демократиялық реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты. Өз кезегінде Рик Демс Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды құптап, еліміздің Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қол қойғанын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12