Театр тынысын кеңейту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Театр тынысын кеңейту керек

11.02.2014
Театр тынысын кеңейту керек
Кез келген елдің театры сол халықтың мәдениетінің көрсеткіші. Сондықтан, театр тынысын кеңейту қажет. Әуелі әртістердің жалақысын жергілікті бюджет есебінен өсіру керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеді.
 
Жалпы, отандық театрлардағы түйіні шешілмеген мәселе ол - жалақы. Қазірде қазақ өнерін өркендетіп жүрген облыстың театр әртістері айына 30-40 мың теңге алады.
 
Ал сол театрдың слесарь, сантехник, электриктері әртістерден әлдеқайда көп жалақыға ие. Гонорар бұл саладағы бір ғана мәселе емес. Биік өнердің биік талабына сай ғимараттардың жоқтығы да қынжылтады.
 
Спектакльді қоюға қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі де күн тәртібіндегі күрмеулі мәселе. Өнеріміз өрге жүзсін десек, баспанасы жоқ, жалақысы аз азаматтарға көмек қолын созу керек.
 
Салада қордаланған мәселелерді шешу үшін енді мәдени саясаттың 2030 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы жасалады.
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу