Еліміздің мәдени саясаты тұжырымдамасының жобасы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің мәдени саясаты тұжырымдамасының жобасы жасалды

21.07.2014
Еліміздің мәдени саясаты тұжырымдамасының жобасы жасалды

Егемен ел болғалы экономика әлеуетін еселедік. Енді мәдениетіміздің тынысын кеңейту керек. Бабадан қалған байырғы дәстүр ұмытылмасын деп еліміздің мәдени саясаты тұжырымдамасының жобасы да жасалды.

Бұл құжаттың артық-кем тұстарын бүгін мәдениет майталмандары Астанадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде кеңесіп, талқылады. Халықтың көпшілігі мәдениет десе ән салып, би билеп, яки домбыра тартып жүрген адамды көз алдына елестетеді.

Ал, шын мәнісінде, мәдениет ұғымының ауқымы кең. Сол себепті 3 кезеңді қамтитын тұжырымдама ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауы тиіс.

Батырхан Жұмабаев, «Атамекен» этномемориалды кешенінің директоры міндетін атқарушы:

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері мәдениет саласында тұжырамдама болмады. Экономикалық өрбідік, алдыңғы қатарға қосылдық. Көптеген ұлттық нақыш өнерлеріміз әлі ЮНЕСКО-ның қорына кірмеді.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу