Делиде ауа қатты ластанғандықтан, мектептер жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Делиде ауа қатты ластанғандықтан, мектептер жабылды

15.11.2021

Үндістан астанасы Делиде ауа қатты ластанғандықтан, мектептер бір аптаға, ал құрылыс алаңдары төрт күнге жабылды. Сонымен қатар, ластануды бақылау жөніндегі орталық кеңес жергілікті үкіметті көлік құралдарын қолдануды азайтуға, ал тұрғындарды далаға көп шықпауға шақырып отыр.

Делиде ауа сапасының мұншалықты нашарлауына қала маңындағы егістік алқаптары мен қоқысты өртеу, көліктен түтіннің көптеп тарауы және жақын маңда көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының орналасуы себеп.

Ауа сапасы индексі 500 шкала бойынша өлшенеді. Ал Делиде ластану деңгейі 470-499 шкалаға дейін жеткен. Мұндай жағдай дені сау адамдар үшін де қауіпті саналады.


Хабарламаларға жазылу