Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға төмен пайызбен несие беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға төмен пайызбен несие беріледі

12.11.2021

Биылғы қуаңшылықтан зардап шеккен Түркістан облысындағы Сарыағаш пен Келес аудандарының шаруаларына қысқы мал азығын сатып алу үшін төмен пайызбен несие берілетін болды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы мен бірқатар қаржы ұйымдарының өкілдері осындай шешім қабылдаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық арнадан өзекті проблема көтеріліп, шаруалар төрт түлігін қыркүйек айынан бері қорада ұстап отырғаны айтылған еді. Осыдан кейін салаға жауаптылар Әлімтау, Жамбыл, Бозай ауылдық округтерінің 100–ге жуық шаруасымен кездесті. Оларға алдағы уақытта берілетін несиенің шарттарын түсіндіріп, жылдық үстеме қаржысы 6 пайыздан аспайтынын жеткізді.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу