Су тасқынынан зардап шеккен фермерлерге жеңілдікпен несие берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынынан зардап шеккен фермерлерге жеңілдікпен несие берілмек

26.04.2024

Тасқыннан зардап шеккен шаруаларға жеңілдікпен несие беріледі. Биыл «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі көктемгі егіс және егін жинау науқанын қаржыландыруды 300 миллиард теңгеге арттырады. Холдинг дерегінше, бұл қаржы негізінен агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін қолдауға бөлінеді. Бағдарлама «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық мөлшерлеме 5%. Өтініш қабылдау 29 сәуірден басталады.

Ринат Кемешов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ресми өкілі:

Қазіргі таңда шаруа қожалықтары субсидияны әкімшілік арқылы емес, тікелей 5 пайыздан осы агрокредит несие корпорцияснан алуға мүмкіншіліктері бар. Енді бұл қаражатты қазіргі таңда барлық шаруа қожалықтары сонымен қатар былтыр құрғақшылықтан зардап шеккен және биыл су тасқынан зардап шекекн шаруа қожалықтарына басымдық берілді.


Хабарламаларға жазылу