Жандарбек Асан: Дінді бетперде еткен қаскөйлер ең қатал жазаға тартылуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жандарбек Асан: Дінді бетперде еткен қаскөйлер ең қатал жазаға тартылуы керек

09.06.2016
Жандарбек Асан: Дінді бетперде еткен қаскөйлер ең қатал жазаға тартылуы керек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі күнде еліміз үшін аса маңызды мәлімдеме жариялады. Біздің Тәуелсіздігіміздің күні бүгінге дейінгі тарихына, елдігімізге үлкен сынақ сәті туып тұр.

Мемлекет басшысы отандастарымызға жасаған мәлімдемесінде бұл жайды ашық айтты.

Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға байланысты Елбасы мәлімдемесіне орай пікір білдірген Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының Ақпараттық-имидждік қызметінің басшысы Жандарбек Асан осылай деді.

«Ақтөбе қаласында болған қанды оқиға ел тұрғындарының жүрегіне үлкен жүк түсіріп, көңілдеріне қаяу салды. Кішісі үлкенге жөнсіз тіл беземеген, бауырлар бір-біріне қару кеземеген, өзін-өзі өкпеге қиса да, өлімге қимайтын xалықтың ұрпағы едік. Жаны жомарт, пейілі кең, мейірімді қазақ халқының ұлан-байтақ жерінде мұсылман жамағаты үшін қасиетті саналатын Рамазан айында өрескел лаңкестік орын алмауы керек еді. Дінді бетперде етіп, қан төккен қаскөйлер заңның ең қатал талабымен жазалануы керек», - деді ол.

Сонымен қатар, Жандарбек Асан ел өміріндегі осындай сындарлы кезеңде біз әрқашан ынтымық пен бірлікті ту етіп ұстауға тиіс екендігімізді баса айтты.

«Қазақстанды талай биік асуларға алып шыққан, бүкіл әлем мойындаған басшымыздың сөзіне ұйығанымыз абзал. Осы сәтте біз намысшыл халық екенімізді, бейбітшіл мемлекет екенімізді танытуымыз қажет», - деп түйіндеді сөзін Жандарбек Асан.

 

Дереккөз:inform.kz

 

Хабарламаларға жазылу