Аймақтардағы жарық өшудің себептері айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аймақтардағы жарық өшудің себептері айтылды

12.11.2021

Мойнақ және Жамбыл гидроэлектростанциялары жөндеуден кейін іске қосылды. Аймақтардағы электр қуаты тапшылығы мәселесі енді шешіледі. Жауаптылар осылай дейді. Бірер күн бұрын Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының тұрғындары жарық өшті деп шағымданған еді. Мамандар оны ірі энергоблоктардағы ақаумен сондай-ақ, «Казферростальдің» қажетті электр қуаты қорын алдын ала дайындай алмағанымен байланыстырды. Айтуыларынша 10  қарашада Қазақстанда электр қуатын тұтыну көлемі 14 800 мегаватты құраған. Ал өндіріс көлемі 14 265 мвт болған. Яғни арадағы жетіспеушілікті көрші Ресейден алу арқылы шешкен.

Нияз Алпысбаев, «KEGOC» АҚ диспечерлік қызметі филиалы бастығының орынбасары:

«Казферросталь» жүйелік оператор бұл жағдай жайлы біледі. Ол жерде нормативтік-құқықтық актілерді түсінбеушілік себебінен болып тұр. Негізі ол өзіне керек объем тұтыну қуатын сатып алмаған ғой, сол себептен болып отыр. Ол негізі  объемда жұмыс істей алмағандықтан шектеулер болды. Жергілікті оператор жағынан біз оған түсініктеме бердік. Керек мөлшерде тұтыну қуатын сатып алады. Резервтер бар екен. Жұмыс жасалып жатыр.


Хабарламаларға жазылу