Абай шахтасындағы апат: Ауруханадағы екі кенші келер апта үйлеріне шығарылады
Қарағанды облысының «Абай» шахтасында зардап шеккен кеншілердің денсаулығы жақсарды. Дүйсенбі күні жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған науқастардың жағдайын дәрігерлер қалыпты деп бағалап отыр. Олар келер аптада үйлеріне шығарылмақ. Естеріңізге салсақ, 7 қараша күні «Абай» шахтасында кенеттен метан газы таралып апат болды. Дәл сол уақытта жер астында жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатқан. 6 адам оқиға орнында қаза тапты. Газға уланып қалған 58 жастағы Жеңіс Маралбаев пен 61 жастағы Элайдар Зейналов травматология орталығына жеткізілген болатын.
Жеңіс Маралбаев, кенші:
Жарылыс болды, сосын дым болды. Газдың иісінен соң жағдайымыз нашарлады.
Төтенше жағдайдан соң «Арселор Миттал Теміртау» компаниясында келісім комиссиясы жұмысын бастады. Оны облыс әкімі Жеңіс Қасымбек басқарады. Комиссия құрамында 8 көмір шахтасының белсенді кеншілері, мемлекеттік органдар мен кәсіподақ өкілдері бар. Алғашқы өткен жиында кеншілерді толғандыратын 12 сұрақ талқыланды. Олардың қатарында еңбекақыны арттыру, техникалық қауіпсіздікті жақсарту, жаңа технологияларды енгізу сынды мәселелер бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Құрылыс саласына инвестиция құю халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етеді»
25.08.2026, 23:21
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12