Еуропадағы миграциялық дағдарыс әскери қақтығысқа ұласып кетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропадағы миграциялық дағдарыс әскери қақтығысқа ұласып кетуі мүмкін

11.11.2021

Еуропадағы миграциялық дағдарыстың өршуі әскери қақтығысқа ұласып кетуі мүмкін. Бұл туралы бірлескен мәлімдемені осыдан бірнеше сағат бұрын Литва, Латвия, Эстония қорғаныс министрлері таратты.

Қазір Беларусьтен Польшаға мыңдаған мигрант өтуге әрекеттеніп жатыр. Олар – негізінен Таяу Шығыс елдерінен, Ауғанстаннан және Африкадан. Бұл босқындары елге кіргізбеу үшін поляк үкіметі шекараға 15 мыңдай жауынгер шоғырландырды. Еуропа одағына сенсек, президент Александр Лукашенко мигранттарды әдейі Польшаға жіберіп жатыр. Сондағы мақсаты – санкция үшін кек алу. Дегенмен ресми Минск мұны жоққа шығарып келеді. Өзге бір болжамдарға қарағанда, бұл дағдарысты Ресей президенті Владимир Путин Еуропаны тұрақсыздандыру үшін ұйымдастырған. Алайда Кремль оны мойындамады. Сонымен қатар, «Аэрофлот» әуе компаниясы да Таяу Шығыстан Беларуське мигрант жеткізді деген ақпаратты растамады.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу