Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес өтті. Отырыста қордың 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы мақұлданды. Құжатта ел экономикасының нақты секторында инфрақұрылымдық және экспортқа бағдарланған әрі импортты алмастыратын жобаларды іске асыруда инвестицияны ұлғайту қарастырылған.
Сондай-ақ төмен көміртекке көшу тәсілдері таныстырылды. Осы тұрғыда энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті сақтау керек. Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық әл-ауқат қоры ұсынған 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсаттарын қолдайтынын айтты. Мұнымен қоса жергілікті үлесті арттыруды, экономиканы әртараптандырудың маңызына тоқталды. Заманауи өндірісті қалыптастыру арқылы ішкі нарықты тауармен қамтып, экспорт үлесін де ұлғайту қажет. «Самұрық-Қазынаның» шетелдік озық тәуелсіз әл-ауқат қорларымен ынтымақтастығы да назардан тыс қалмады. Осы ретте Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерімен арадағы қарым-қатынастың жоғары қарқынмен дамып жатқанына тоқталды. Олардың бірегей тәжірибесі мен инвестициялық мүмкіндігі Қазақстан экономикасын жаңғырту жолында аса маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12