Талдықорғанға Pfizer вакцинасының 46800 дозасы жеткізілді
Талдықорғанға Pfizer вакцинасының 46800 дозасы жеткізілді. Бұл вакцинаны бірінші кезекте 12 мен 18 жас аралығындағы оқушыларға және жүкті әйелдерге егу жоспарланып отыр. Жалпы, Алматы облысында 147 мың оқушы мен 34 мыңға жуық жүкті және емізулі баласы бар 44 300 әйел екпе алатындар қатарында. Балаларға вакцина тек ата-аналарының жазбаша рұқсатымен салынады. Облыс орталығына арнайы термоқораптармен жеткізілген вакцина -90 градусқа дейін мұздататын тоңазытқыштарға салынды. Ол жерден білім шаңырақтарына және емханаларға тең таратылады. Ал білім беру ұйымдары мен медициналық ұйымдардың егу пункттерінде +2-8°C температурада 31 күнге дейін сақталады.
Ләйлә Серікбаева, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Облыста 760 мектеп бар. Барлық мектепте медициналық пунктер, ішінде прививочный кабинеттер бар. Сол жерде жұмыс жасайтын медициналық қызметкерлермен оқулар өткізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10