Ақтаулық жастар «Көк тудың желбірегені» әнін орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаулық жастар «Көк тудың желбірегені» әнін орындады

10.11.2021

Патриоттық шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Сарбаздар мен студенттер әнді орталық алаңдағы көк байрақтың астында тұрып шырқады. Шараға шығарманың авторы Алмас Ахметбекұлы арнайы шақырылды.

Назерке Қылышбекқызы, студент:

Мен осы әнді орындағанда өте тамаша сезімде болдым. Еліме деген сүйіспеншілігім артып, жігерлендім. Тәуелсіз елде тұрып жатқаныма өте қуанамын. Біз маңдайымызға берілген Тәуелсіздікті сақтауымыз керек. Қазақстанның болашағы -жастардың қолында яғни, біздің қолымызды. 

Алмас Ахметбекұлы, «Көк тудың желбірегені» өлеңінің авторы:

«Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес маған керегі,
Көк тудың желбірегені».
Бұл - әр қазақтың әр ұл-қызының жүрегіндегі сөз. Бұл сөз арқылы бүкіл қазақ жастары ұлтының Тәуелсіздігінен соңғы патриоттық сезімдерінде үлкен төңкеріс болғанын ақын ретінде мақтанышпен айтамын.


Хабарламаларға жазылу