Талдықорғанда «Jetisy creative days» шығармашылық фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Jetisy creative days» шығармашылық фестивалі басталды

10.11.2021

Еліміздің әр аймағынан келген БАҚ өкілдері, кино және анимация саласының мамандары, суретшілер мен дизайнерлер бас қосып өзара тәжірибе алмасуда.

Фестивальдің алғашқы күнінде республикалық телеарна, газет өкілдері, ақпараттық сайт жетекшілері жастармен пікір алмасып, шығармашылықты шыңдау жолдарын үйретті. Ақпарат берудегі маңызды мәселелерді талқылап, сапалы контент жасау тетіктерін пысықтады. Мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнатуда Жетісу өңірінің ақпараттық имиджін қалыптастыруда мұндай басқосулардың нәтижесі зор, дейді ұйымдастырушылар.

Жанна Арынбекова, «Жетісу медиа» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің директоры:

Киноиндустрия, режиссура, операторлардың жұмысы, сонымен қатар қазіргі таңда Қазақстанда анимациялық роликтер өте танымал болып жатыр. Соны да талқылайтын спикерлер өзара бас қосып, бүгінгі таңда жақсы бір креативті жобаларды жүзеге асыруға, жобаларды жоспарлауға қазіргі таңда біз бас қосып отырмыз.


Хабарламаларға жазылу