«Astana Media Week – 2021» апталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Media Week – 2021» апталығы басталды

27.09.2021

Бүгін «Astana Media Week – 2021» апталығы басталды. Осымен 5-ші мәрте өтіп жатқан шараның мақсаты отандық медиа саласын дамыту. «Икемділік», «Бірегейлік», «Серіктестік», «Біліктілік» биылғы апталықтың басты ұранына айналған 4 сөз осындай. Ең соңғы ақпаратты тікелей эфирге қосылуға дайын тұрған әріптесім Ғабит Бөкенбайдан білсек.

Апталық Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімпаздарын марапаттаудан басталды. І-орынды Jetisy телеарнасының редакторы Сәния Байтарова жеңіп алды. Екі күнге созылатын шаралар онлайн және офлайн алаңдарда өтеді. Онлайн режимде өтетін «Деректі кино: тәжірбиесі мен болашағы» және «Медианы дамыту стратегиясы» атты дөңгелек үстелдер жұмысына АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан медиа мамандар қатысып, өз ойын ортаға салмақ. Ал, «Өткір әлеуметтік тақырыптарды қамту ерекшеліктері» және «Қазақ тілді баспалардың болашағы» атты шаралар дәстүрлі оффлайн форматында өтеді. Оған сарапшылар, медиаменеджерлер, журналисттер мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатыспақ. Сонымен қатар, Formats Day іс-шарасы ұйымдастырылады. Онда әлемдегі ең ірі телеөнім өндіретін компанияларының өкілдері өз өнімдерінің тұсаукесерін өткізбек.

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу